Субүркіттер () — сегіз түрі бар жыртқыш құстар отрядының қаршыға тұқымдастарға жататын алпыс үш туысының біреуі. Жыртқыш құстардың ең ірісі - субүркіттер туысына жататын құстар (2-3 кг-дан 6-9 кг-ға дейін), аналығы аталығынан 15-20%-дай үлкен. Жабын қауырсындары көбінесе қоңыр реңді, ересек құстарда ақпен көбірек үйлеседі. Тұмсығы -қуатты, сары түсті. Ірі көлдер, өзендер және теңіздердің жағалауына өте ынтық. Қазақстанда 2 түрі- аққұйрықты субүркіт және кезкұйрықты субүркіт кездеседіҚұстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра.

Дереккөздер

Санат:Сұңқартәрізділер