Бақтыбай Өтемісов - тарих ғылымдарының кандидаты, профессор.

Өмірбаяны 1960 жылы Орал мемлекеттік институтының тарихи-филологиялық факультетін бітірген. Б.Өтемісовтың еңбек жолы идеологиялық қызмет атқарудан басталды. 1960-1970 жылдары Ақтөбе, Алматы облыстық, республикалық комсомол, партия комитеттері арқылы идеологиялық, үгіт-насихат жұмысына белсенді қатысқан. 1974-1985 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жауапты қызметкер лауазымын атқарды. Кейінгі жылдары оның еңбек жолы жоғарғы оқу орындарында оқытушы, ғылыми жұмыстармен ұштасып Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесінде кафедра меңгерушісі, Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде доцент, Ақтөбедегі Қазақ-орыс халықаралық университетінде ректор болып қызмет етті. 2003 жылдан осы уақытқа дейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің доценті.

Ғылыми еңбектері Б.Өтемісовтың 100 баспа беттен астам еңбектері жарық көрген. Оның ішінде 1 оқулық, 3 оқу құралы. Саяси ғылымдар бойынша 20-дан астам оқу-әдістемелік құралдары мен кітапшалары бар. Автордың «Введение в политологию», «Основы политологии», «Саясаттану негіздері» еңбектері оқырмандар көңілінен шығып, үлкен сұранысқа ие.Саясаттану // Ақтөбе - 2011

Дереккөздер

Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Тарих ғылымдарының кандидаттары Санат:Орал мемлекеттік университеті түлектері Санат:Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесі оқытушылары Санат:Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті оқытушылары Санат:Қазақ-орыс халықаралық университетінің ректорлары Санат:Ақтөбе мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессорлары