Бауыржан Қарағызұлы (1982 жыл, 17 қазанда дүниеге келген) — Қазақтың белгілі ақыны. Қазақстанда өткен көптеген халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық әдеби конкурстардың жеңімпазы.
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Қазақ ПЕН-клубының мүшесі.
ЮНЕСКО-ның қолдауымен өткен Халықаралық "Шабыт" шығармашыл жастар фестивалінің екі мәрте лауреаты және Гран-При жүлдесінің иегері. "Әлемге әйгілі - Астана" атты жыр мүшәйрасының Гран-При жүлдесінің иегері. Сейдолла Бәйтереков атындағы арнайы сыйлықтың иегері. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткен "Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған" атты І республикалық Мағжан өнер фестивалінің лауреаты. "Табысты қазақстандық - 2012" Ақмола облысы "Жас дарын" сыйлығының иегері. Ақын-импровизатор Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жыл толуына орай өткен әдеби байқаудың жеңімпазы. 2014 жылғы Қазақстан Республикасы мемлекеттік сепендияның иегері.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл медалімен марапатталған. "Жұмбақтасқа жауған күз", "Өң.Мен.Түс.", "Жүрек кітабы", "Топырақ демі", "Галстук" атты жыр-кітаптарының авторы. 2023 жылы "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталған. 30-дан астам өлеңдері «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми (ағылшын, араб, испан, қытай, орыс, француз) 6 тіліне аударылған.
Республикалық "Алаш үні" газетінде тілші, Елордалық "Астана" журналында тілшілер қосынының жетекшісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары; Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында "Кітап патшалығы" журналы бас редакторының орынбасары; Көкшетау қаласындағы "Ақпараттық кітапхана жүйесі" Мемлекеттік мекемесінде директор; "Қазконтент" АҚ "Әдебиет порталының" жетекшісі және оның негізін қалаушы; "Мәдениет порталының" бас директоры және оның негізін қалаушы; Қазақстан Жазушылар одағы Астана қаласы филиалының директоры; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанынан құрылған Жас ақын-жазушылар кеңесінің хатшысы; ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. Үйленген. Төрт бала тәрбиелеп отырған әке.
Әлеуметтік желідегі парақшалары facebook парақшасы
Дереккөздер
http://www.madeniportal.kz/author/11
Санат:17 қазанда туғандар Санат:1982 жылы туғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Ұлттары бойынша ақындар Санат:Жазушылар Санат:Ақындар