Гертруда Белл Элайон (; 23 қаңтар 1918 жылы, Нью-Йорк, АҚШ — 21 ақпан 1999 жылы, Чапел-Хилл, Солтүстік Каролина, АҚШ) — американдық биохимик және фармаколог. 1988 жылы Элайон Джеймс Блэкпен және оның көп жылғы жетекшісі Джордж Хитчингспен бірге «дәрілік терапияның маңызды принциптерін ашқаны үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды.
Өмірбаяны Гертруда Элайон 1918 жылы 23 қаңтарда Нью-Йоркте еврей иммигранттарының отбасында (оның әкесі 12 жасында Литвадан иммиграциялаған, ал анасы 14 жасында — Ресейден) келген. Хантер колледжін бітіріп, бакалавриатты 1937 жылы алды, және Нью-Йорк университетін химия мамандығы бойынша 1941 жылы бітірді. Кейін лаборант және мұғалім болып, Бороу-Веллкам (қазір GlaxoSmithKline) фармацевтикалық компаниясында Джордж Хитчингстың ассистенті болғанша жұмыс істеді. Элайон әйел болған соң аспирантураға түсе алмады және кейінірек Джордж Вашингтон университетінің құрметті философия докторы дәрежесін алғанмен, дегенмен ресми Ph.D. үшін диссертациясын ешқашан қорғаған жоқ.
Элайон тапқан дәрілік препараттардың арасында, меркаптопурин (антилейкемиялық препарат), иммуносупрессор азатиоприн, аллопуринол (подагра кезінде қолданылады), безгекке қарсы пириметамин препараттар, триметоприм, ацикловир (герпесті емдеу үшін қолданылатын антивирустық препарат) бар.
Сілтемелер Нобельдік жүлде сайтындағы өмірбаяны
Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:АҚШ биохимиктері Санат:АҚШ фармакологтары Санат:23 қаңтарда туғандар Санат:1918 жылы туғандар Санат:Нью-Йоркте туғандар Санат:21 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1999 жылы қайтыс болғандар Санат:XX ғасыр биологтары Санат:АҚШ Ұлттық ғылым медалімен марапатталғандар Санат:Нью-Йорк университетінің политехникалық институтының түлектері