Аталық Әбдешұлы (13 қазан 1945, Байғанин ауданы, Ақтөбе облысы) - ақын, публицист, сатирик.
Өмірбаяны Қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Маңғыстау облыстық телевизиясында аға редактор, облыстық «Маңғыстау» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеген. 1991 жылдан қазірге дейін (2024 ж.) Маңғыстау облысы әкімінің аппаратында мемлекеттік тіл аудармашысы-сарапшысы болып істейді. Облыстың мемлекеттік органдарында іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіруге, қалыптастыруға және қолданылу аясын кеңейтуге лайықты атсалысқан. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Шығармалары «Мен де бір қазақ:...» «Іздеген бақты ісімнен» «Жарық дүние жымию үшін де жаралған», «Айдынды аймақ Маңғыстау», «Годы и судьбы», «Адамдар. Қадамдар...», «Екі ауыз сөз», «Пайымдарым» атты кітаптары жарық көрген. Поэзиялық шығармалары «Маңғыстау ақын-жазушыларының» 50 томдығына енген. Оның поэзиялық, сатиралық және публицистикалық шығармалары республикалық, облыстық баспасөз беттерінде жарияланып келеді. Марапаттары «Үздік аудармашы» Тұңғыш республикалық конкурсының жүлдегері. «Бойтұмар» және «Бойтұмардың оралуы» көркем фильмі сценарийінің (режиссер-авторы І.Сәрсенғалиев, А.Әбдешұлы) авторы. Аталған фильмдер «Туымыз – Тәуелсіздік» шығармашылық фестивалінде 1-ші орынға, «Каспий – достық теңізі» Халықаралық фестивалінің Дипломанты атағына ие болған. Адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен «Астанаға 10 жыл»; «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл»; «Қазақстан Конституциясына 20 жыл»; «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл»; «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалдарымен; Мемлекеттік нагарада –«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен (2001 ж.); Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен (2019ж.) марапатталған.
Дереккөздер
Санат:13 қазанда туғандар Санат:Байғанин ауданында туғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан сықақшылары Санат:Қазақстан көсемсөзшілері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан КП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалінің иегерлері