Болат Зейноллаұлы Байжасаров (3.10.1955 жылы туған, Қарағанды қаласы) — генерал-майор.

Өмірбаяны Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан.«Қаракесек шежіресі», екінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Т.А. Еңсебаев . Кітаптың таралымы – 500 дана. 2017 Қарағандыдағы жоғары милиция мектебін (1978) бітірген. КСРО ІІМ-нің академиясын бітірген (1983). 1978 — 1982 жылдары Жезқазған облысының Балқаш ауданыңнда тергеуші. 1983 — 1993 жылдары Алматы қаласы құқық қорғау органдарында тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімшесінің бастығы, бөлім және басқарма бастықтарының орынбасары болды. 1993—1995 жылдары ҚР Президентінің Аппаратында қызмет атқарған. 1995 жылдан ҚР ішкі істер министрінің орынбасары.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;

Дереккөздер

Санат:3 қазанда туғандар Санат:1955 жылы туғандар Санат:Қарағандыда туғандар Санат:Қазақстан генерал-майорлары Санат:Қарағанды жоғарғы милиция мектебі түлектері Санат:КСРО ішкі істер министрлігі академиясы түлектері Санат:Қазақстан вице-министрлері