Джордже Деспотович (; 4 наурыз 1992 жыл, Лозница, Югославия) — сербиялық футболшы, Босния және Герцеговинаның "Борац" футбол клубының шабуылшысы.
Өмірбаяны Клубтық мансабы Қазақстанға 2015 жылы "Црвенадан" "Жетісуға" ауысып келді. 2015 жылдың екінші жартысын "Қайратта" өткізді. Жыл соңында "Црвена Звездамен" ат-құйрығын біржола үзісті де, өз трансферін өзі сатып алды. Бірақ келісім-шарт регламентінде "Қайратта" ойнауға тыйым салынды да, еркін агент атанды. 2016 жылдың басында "Астана" сапына қосылды.
Астаналық клубта екі маусым ойнады. 2017 жылы "Тобылға" жалға берілді, 2018 жылдың басында МЛС лигасындағы клубтардың біріне баруға мүмкіндігі де болды, бірақ келісім шарт жүзеге аспады.
2018 жылы жазда "Орынборға" ауысты.
2020 жылы 21 шілде күні ресейлік "Рубин" клубымен 3 жылдық келісімшартқа қол қойды. 2022 жылдың қаңтарында келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.
2022 жылдың ақпанында Деспотович Арсенал Тула клубымен келісімшартқа отырды. 2023 жылдың шілдесінде клубтан кететінін жариялады.
2024 жылы Черногорияның Будучност клубында 17 ойвн өткізіп, 9 гол соқты. Қазіргі кезде Босния және Герцеговинаның Борац клубының сапында өнер көрсетуде.
Жетістіктері: «Локерен» Бельгия Кубогының иегері: 2013/14
«Қайрат» Қазақстанның чемпионатының күміс жүлдегері: 2015 Қазақстан Кубогының иегері: 2015
«Астана» Қазақстан футбол чемпионы: 2016, 2017 Қазақстан Кубогының иегері: 2016 Қазақстан Суперкубогының иегері: 2018
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Đorđe Despotović Stats at Utakmica.rs
Санат:Сербия футболшылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Астана ФК ойыншылары Санат:Црвена Звезда ФК ойыншылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:Орынбор ФК ойыншылары Санат:Рубин ФК ойыншылары Санат:Арсенал Тула ФК ойыншылары