Орналасуы «Жұма» мешіті Қостанай облысы Денисов ауданының аумағында орналасқан.

Жұма мешіті Денисов ауданындағы «Жұма» мешіті 1995 жылы салынған. Оның құрылысын бұрынғы Орджоникидзе ауданының № 1485 жылжымалы механикаландырылған колоннасы жүргізген. Мешіттің жобасын «Қостанай горсельпроект» мекемесі әзірлеген. Ғибадат үйінің сыртқы қабырғалары керамзит блоктары мен қызыл кірпіштен қаланған. Мешіттің жалпы өлшемі — 40 × 20 метр. Мұнарасы мен күмбезінің диаметрі 4 метрді құрайды. Мешіт 150 адамға арналған. Мешіттің ішкі қабырғаларына Қағбатулланың суреті, «Фатиха», «Фалақ» және «Нас» сүрелері, сондай-ақ намаз уақыттары жазылған мәліметтер ілінген. «Жұма» мешітінің есігі мұсылман қауымы үшін әрдайым ашық.

Сілтеме http://akmechet.kz/kz/info/mechetiobl/mechetkaz016.html

Санат:Қазақстан мешіттері