Пирамидалар — феодалдық дәуірдегі христиандардың сәулет өнерінде кейде Сансальвадордағы Овидий готикалық шіркеуінің мұнарасы сияқты пайдаланылады. Пирамидалардың қазіргі заманда да үлкен рөлі бар.

Лувр пирамидасы right|thumb|Түнде жанып тұрған Лувр пирамидасы Лувр пирамидасы — Францияның астанасы – Парижде орналасқан. Лувр пирамидасы – мұражайға кіреберіс қызметін атқаратын 20,6 метрлік шыны құрылыс.

Трансамерикалық пирамида left|thumb|Трансамерикалық пирамида Трансамерикалық пирамида — Сан-Франциско көкжиегіндегі ең биік және ең танымал зәулім үй болып табылады.

Арена Пирамидасы Арена Пирамидасы — Теннеси штаты, Мемфисте орналасқан. Дүниежүзіндегі ең ерекше құрылыстардың бірі. Бұл 32 қабатты пирамида – әлемдегі үшінші ең үлкен пирамида болып табылады. right|thumb|Арена пирамидасы

Уолтер пирамидасы Уолтер пирамидасы — АҚШ-тың Калифорния штатындағы кампуста Лонг-Бичте орналасқан. Калифорния Мемлекеттік университетінің баскетбол және волейбол командаларының үйіне айналған Уолтер пирамидасы 18 қабатты, көк түсті пирамида болып табылады.

Люксор пирамидасы right|thumb|Люксор пирамидасы Люксор пирамидасы — АҚШ-тың Лас Вегас қаласында орналасқан. Төбесінен жарық сәулесі шығатын 30 қабатты құрылыс болып табылады.

Суммум пирамидасы Суммум пирамидасы — Юта штатының Солт-Лейк-Сити қаласында орналасқан. Суммум пирамидасы Суммум философиясына нұсқаулар жасау және қазіргі заманғы мумиялауға қатысты рәсімдер жүргізу үшін пайдаланылады.

Дереккөздер Алматы: "Аруна" баспасы. - 32 бет. ISBN 9965-26-451-1

Санат:Пирамидалар