Бабатай — Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қайыңды ауылдық округі құрамындағы ауыл. КАТО коды — 155637200.
Географиялық орны Аудан орталығы - Шұбарқұдық кентінен солтүстік-батысқа қарай 61 км-дей жерде, Шилі өзенінің жағалауының аңғарында орналасқан.
Инфақұрылымы Ауылда орта мектеп, амбулатория, дүкендер, мейрамхана, клуб бар.
Транспорты Елді мекен арқылы Ақтөбе-Ойыл-Шұбарқұдық тас жолы өтеді.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 429 адам (223 ер адам және 206 әйел адам) болса, 2009 жылы 413 адамды (213 ер адам және 200 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 255 адамды (138 ер адам және 117 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Темір ауданы елді мекендері