Forbes (, оқылуы Форбс) — АҚШ-тың баспасөз, әрі медиа компаниясы. Оның маңдай-алды баспасы болып екі аптада бір шығатын Forbes magazine (Форбс журналы) болып табылады. Форбстың бизнес саласындағы негізгі бәсекелестері — Fortune, Business Week деген журналдар. Журнал негізінен тізімдері арқылы, соның ішінде ең бай америкалықтар тізімі (The Forbes 400) және миллиардерлер тiзiмi, кеңінен танылды. Форбс журналының ұраны — «Капиталист құралы» («The Capitalist Tool»).
нобай|190px|5-ші даңғылдағы Forbes ғимараты, Нью-Йорк
Компания негізін Берти Чарлз Форбс 1917 жылы қалағаннан кейін 1954 жылы қайтыс болғанға дейін бас редактор болып істеген.
Дереккөздер
Санат:Бизнес журналдары Санат:Америкалық журналдар Санат:Forbes