Иісті көкемарал () – ерінгүлділер тұқымдасының көкемарал туысына жататын бір түрі. Биологиялық сипаттамасы Көп жылдық шала бұта, биіктігі 8-50 см, жуан тамырлы, тік сабақты. Жапырағының ұзындығы 0,6-2,5 см, ені 0,3-1,2 см, түкті не түксіз. Гүлі сабақ ұшына топтасқан, түсі жасыл не күлгін, қос ерінді, жоғарғы ерні тұтас, төменгісі 3 айырымды, тостағаншасы цилиндр тәрізді, ұзындығы 5-7 мм. Күлтесінің ұзындығы 10-12 мм, 2 аталығы аналық мойынымен бірге күлтеден шығып тұрады. Маусым-шілдеде гүлдейді. Таралуы мен өсу аймағы Көкемарал Моңғолия, Батыс Қытайда, Шығыс Сібір мен Батыс Сібірде, Қазақстанда Көкшетауда, Алтай тауларында, Жоңғар Алатауында, Кетпен жотасында, Теріскей Алатауында, Қырғыз Алатауында көбіне тау беткейлерінде өседі.

Қолданылуы Көкемаралдан иіс су өнеркәсібінде пайдаланатын эфир майы алынады. Гүлінен ара бал жинайды. Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1975 жыл, 6 том, 9 бет

Дереккөздер

Санат:Еріндігүлділер