Монта́на ( ) — штат АҚШ-тың солтүстік батысындағы, 41-ші штат, одаққа қосылған. Астанасы — Хелена, ірі қаласы — Биллингс. Халқы— 1 015 165 адам (АҚШ-та 44-ші орында, 2013 жылғы деректер). Ресми лақап аты — «Қазына штаты».
Тарихы Айтарлықтай ұзақ уақыт бұрын болашақ Монтана үндіс тайпалары мекендеген жер болған шайенналар, кроу, блэкфуттар, ассинибойндар, гровантрлар, сиу (олар — дакоттар мен лакоттар) және т.б. Француздар 1742 жылы Жартасты таулардан шығысқа қарай ағымдағы Монтана аймағында пайда болды — бұл 1803 жылы Франциядан сатып алынған Луизиананың бөлігі. ХІХ ғасырдың басында аудан Льюис және Кларк экспедициясының барысында зерттелді. Аң саудагерлері мен миссионерлер XIX ғасырдың басында бірқатар елдімекендердің негізін қалаған.
1848-1864 жж. кезеңде Монтана түрлі Федералды аумақтардың бөліктерге кірді. Олар: Орегон (1848—1859), Вашингтон (1853—1863), Айдахо (1863—1864) и Дакота (1861—1864). Болашақ Монтана шегінде 1850 жылы тұтас алтын мен мысты кен орындарын ашылды. 26 мамырда, 1864 жылы Монтана Америка Құрама Штаттарының федералдық аймағы мәртебесін алды. Аумақ (содан кейін штат) атауы испан сөзі montaña (тау) алынған. Алдымен Баннак (Bannack) астанасы болды. Бірінші губернаторы Сидни Эджертон (Sidney Edgerton) болды. 1865 жылы, астананың аумағы Верджиния-Ситиге ауыстырылды, және 1875 жылы — Хелена қаласына.
1860 жылдың соңында бірнеше әскери форттар құрылған, олар: Форт-Шоу, Кемп-Кук және Форт-Смит. Монтананы отарлау үндіс тайпаларымен шайқас арқылы жүрді; ең танымалы 1876 жылы орын алған Литтл-Бигхорн түбіндегі шайқас. 1883 жылы Солтүстік Тынық мұхит теміржол құрылысын салынуы халықтың күрт өсуіне әкелді. Монтана аймағы 26 мамырда 1864 жылы Америка Құрама Штаттарының құрамына кірді, 1889 жылғы 8 қарашада Монтана штат болып жарияланды.
Халқы 230px|right|thumb|Монтана халқының тығыздығы 230px|right|thumb|Бозмен қаласы 2013 жыл соңындағы АҚШ халық санағының бюросы дерегі бойынша Монтанада 1.015.165 халқы бар; ұлғайуы 2010 жылғы санақпен салыстырғанда 2,6%-ды құрады. 2010 жылғы санақ бойынша штаттың нәсілдік құрамы төмендегідей: ақ (89,4%), қара (0,4%), түпамерикандықтар (6,3%), азиялықтар (0,6%), гавайлықтар және мұхиттықтар (0,1 %), басқа да нәсілдер (0,6%), екі немесе одан да көп нәсілдердің өкілдері (2,5%).factfinder2.census.gov Ақ нәсілді халықтың шығу тегі негізінен немістер (29,3%), ирландиялық (16,4%) және ағылшын (13,1%) және норвегиялық (10%). 5 жастан асқан Монтана тұрғындарының шамамен 94,8%-ы үйде ағылшын тілінде сөйлейді.Language Map Data Center
Монтана тұрғындарының шамамен 55% - протестанттар, 24% - католиктер, 5% - мормондар, 18% ешқандай дінге кірмейді, 1%-дан кемі басқа да діндерді ұстайды.
Халықтың динамикасы: 1950: 591 024 адам 1960: 674 767 адам 1970: 694 409 адам 1980: 786 690 адам 1990: 799 065 адам 2000: 902 195 адам 2010: 989 415 адам2010.census.gov 2013: 1 015 165 адам
Ірі қалалары: Биллингс: 104 700 адам Мизула: 66 788 адам Грейт-Фолс: 58 505 адам Бозмен: 37 280 адам
Дереккөздер
Сілтемелер State of Montana Website Montana State Capitol Information Photographs of Montana Montana History Montana Historical Society Montana Historical Markers