Құсайынов Амангелді (1942 жылы туған, Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылы) – ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1991), профессор (1991).

КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебінің үздігі (1980). ҚазМУ-ды (1969), оның аспирантурасын (1976) бітірген. 1960–63 жылдары Үлгілі 7-жылдық мектебінде мұғалім болды, 1963–66 жылдары Қызыл армия қатарында азаматтық борышын атқарды. 1969–70 жылдары Алматы медициналық институтында оқытушы, 1970–76 жылдары Алматы қаласында партия органдарында, 1976–92 жылдары ҚазМУ-де аспирант, аға оқытушы, доцент (1987–92), проректордың орынбасары, проректоры (1980–87), аға ғылыми қызметкері болды. 1992 жылдан Ақмола педагогикалық институтында (қазіргі ун-т) ректор.

Негізгі ғылыми зерттеулерінің бағыттары – Қазақстан тарихының мәселелері. 40-тан астам еңбектің оның ішінде 3 монографияның авторы,

Орден және медальдармен марапатталған.“Қазақ Энциклопедиясы”

Дереккөздер

Санат:1942 жылы туғандар Санат:Ертіс ауданында туғандар Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті оқытушылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары Санат:Астана педагогикалық университетінің ректорлары