Ұзыншілік – Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданының солтүстік-шығыс бөлігімен ағады. Ұзындығы 29 км.
Бастауы Қойтас тауының етегінен бастау алып, Шоқыкөл көліне құяды. Жалпы ұзындығы 9 км болатын 3 саласы бар.
Гидрологиясы Су жиналатын алабының жоғарғы жағы шоқылық, ортаңғы және төменгі жақтары – аллювийлі және денудациялы жазықтық. Қар суымен толығады. Арнасы жазда ұсақ қарасуларға бөлініп қалады. Суы жақын жердегі елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
Өсімдігі Күңгірт қоңыр топырағында шымтезекті-астық тұқымдасты шөптесіндер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ертіс су алабы Санат:Ерейментау ауданы өзендері