Майлысор — Ертіс алабындағы көл.

Географиялық орны Ақмола облысы Біржан сал ауданында, Заозёрный ауылының оңтүстік-батысында, теңіз деңгейінен 230 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 8,3 км2, ұзындығы 4,3 км, енді жері 2,6 км, жағалау бойының ұзындығы 13,1 км. Негізенен қар, жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Суы қараша айының 2-жартысында қатып, сәуір айының 2-жартысында ериді.

Жағалау сипаты Бойлық бағытта созылып жатқан көл жағалауы жайпақ. Шығысы мен оңтүстігінде қамыс шоғырлары қалың өскен. Оңтүстік-батысындағы шағын көлден шығатын қыларна Майлысоосрға жетеді. Шығысында алтын өндіретін №9 шахта орналасқан. Жағалауы - шабындық.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Біржан сал ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы