Үшқарасу – Ақмола облысы Егіндікөл ауданының оңтүстік-батысындағы тау. Теңіз көлінен солтүстікке қарай 20 км, Көбіккөл көлінен оңтүстік-шығысқа қарай 20 км, Астана қаласынан батысқа қарай 220 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 383 м. Батыстан шығысқа қарай 2 – 2,5 км-ге созылып жатыр, ені шамамен 1 км. Беткейлері көлбеу, өзімен аттас қоныстың ең биік нүктесі болып табылады.

Геологиялық құрылымы Палеоген кезеңінің тау жыныстарынан түзілген жер қыртысын қиыршықты, ірі кесекті элювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Егіндікөл ауданы таулары