Ойранды – Шу алабындағы өзен.

Географиялық орны Жамбыл облысы Меркі, Шу аудандары аумағымен ағады.

Бастауы Қырғыз Алатауының солтүстік сілемдерінен бастау алып, Қорағаты өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 100 км, су жиналатын алабы 640 км2. Қар, мұздық, жаңбыр суымен толығады. Көктем айларында тасиды. Бастауында (Қырғызстанда) Жарлықайың деп аталады. Жоғарғы аңғары тік жарлы, төменде жазыққа шығып, аңғары кеңейеді. Суы егін суаруға пайдаланылады.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Меркі ауданы өзендері Санат:Шу ауданы өзендері Санат:Қырғызстан өзендері Санат:Шу су алабы