Жақау Дәуренбеков (21. 10.1946 жылы туған, Арал ауданы, Сарбасат ауылы) – жазушы, журналист.
ҚР Баспасөз және полиграф ісінің қайраткері (2005). ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген (1971). Алғашқы «Бөгенауыл балалары» атты кітабы 1970 жылы жарық көрген. 1971 – 1980 жылдары жастар газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1980 – 1993 жылдары «Өнер» баспасында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1994 жылдан «Ана тілі» баспасының директоры. Шығармалары Дәуренбековтің «28 комсомол билеті» (1978), «Күн ұясы» (1984), «Ауылым – алтын бесігім» (1985), «Бір нәзік сәуле» (1989), «Айтыңыз құтты болсын» (1993), «Менің елім – Қазақстан» (2001) атты кітаптары жарық көрген. Жазушының «Күн ұясы», «Саяқ» повестері «Жалын» журналының жастар мен балаларға арналған сыйлығына ие болды. «Баспасөз үздігі» белгісімен марапатталған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9 Жетістіктері Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы болған (2002-2007 жж.). Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, «Баспасөз үздігі» белгісімен марапатталған. Бірнеше дүркін Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Діни көзқарасы Діни көзқарасы - мұсылман. Хоббиі Хоббиі - сурет салу. Сүйіп оқитын әдебиеті Сүйіп оқитын әдебиеті - мемуарлар. Отбасы Үйленген. Жұбайы - Рақымбекова Шұға, мұғалім. Ұлы -Дәуренбеков Бабыр (1973 жылы туған ); қыздары – Дәуренбекова Жанар (1975 жылы туған ), Дәуренбекова Жұлдыз (1979 жылы туған ).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Қызылорда облысында туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Арал ауданында туғандар Санат:1946 жылы туғандар Санат:Қазақстан журналистері