Қалмаққырған — Ақтөбе облысы Темір ауданы, Кеңесту ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы — Шұбарқұдық кентінен солтүстік-шығысқа қарай 22 км-дей жерде.

Транспорты Елді мекен арқылы Атырау-Қандыағаш темір жолы, Ақтөбе-Атырау-Астрахан тас жолы өтеді.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 183 адам (105 ер адам және 78 әйел адам) болса, 2009 жылы 295 адамды (170 ер адам және 125 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 370 адамды (201 ер адам және 169 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Темір ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері