Ақбасты — Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл, Құланды ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстік–батысқа қарай 220 км қашықтықта, Көкарал түбегінде, Шевченко шығанағынан оңтүстікке қарай 10 км-дей жерде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 511 адам (256 ер адам және 255 әйел адам) болса, 2009 жылы 491 адамды (258 ер адам және 233 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Дереккөздер

Санат:Арал ауданы елді мекендері