Сәтбай — Қызылорда облысы Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2015 жылы таратылған.Әкімшілік-аумақтық құрылыстың кейбір мәселелері туралы

Географиялық орны Аудан орталығы - Жалағаш кентінен оңтүстік-батысқа қарай 71 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 204 адам (108 ер адам және 96 әйел адам) болса, 2009 жылы 191 адамды (104 ер адам және 87 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Тарихы Іргесі 1968 жылы құрылған. Елді мекенде бастауыш мектеп, медпункт, дүкен, кітапхана ашылған. Кейіннен 8 жылдық мектеп болды. Мектеп жанынан малшы балаларына арнап 25 балаға интернат ашылды. Бұл кейіннен орта мектеп болды. « Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013

Дереккөздер

Санат:Жалағаш ауданының таратылған елді мекендері