Шоқан Қазбайұлы Әлімбаев (6.6.1941, Жамбыл облысы Асы темір жол бекеті - 1990) - фантаст-жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1965). "Спорт" газетінде әдеби қызметкер, "Жа­зушы" баспасында редактор, аға ре­дактор, "Қазақфильм" киностудиясында сценарийлық алқа мүшесі қызметтерін атқарған. Алғашқы әңгімесі 1964 жылы "Простор", "Жұлдыз" журналдарында жарияланған. Әлімбаев фантастикалық әңгіме, повесть, романдардың авторы. Жазушының шы­ғармалары орыс, қырғыз, украин, әзірбайжан тілдеріне аударылған.

Шығармалары: Даналық альфасы. Повесть. А., 1967; Даналық формуласы. Роман. А., 1982.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:1941 жылы туғандар Санат:1990 жылы қайтыс болғандар