Алғабас — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Жуантөбе ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан солтүстікке қарай 11 км жерде, Телікөл каналының бойында орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2647 адам (1368 ер адам және 1279 әйел адам) болса, 2009 жылы 2803 адамды (1449 ер адам және 1354 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Тарихы Іргесі 1928 жылы бірнеше шағын артельдер ретінде қаланған. 1936-96 жылдары күріш өсіретін ұжымшардың орталығы болған. «Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013.

Дереккөздер

Санат:Шиелі ауданы елді мекендері