Кеңқияқ ауылдық округі — Ақтөбе облысы Темір ауданындағы әкімшілік бірлік.

Тарихы Кеңқияқ ауылдық округі 2011 жылы құрылып, құрамына Сарыкөл ауылдық округінің Бәшенкөл, Шұбарши кенттік округінің Кеңқияқ ауылдары енгізілді.Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Әкімшілік құрамы Құрамына Кеңқияқ, Бәшенкөл ауылдары кіреді. Орталығы - Кеңқияқ ауылы.

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 6068 адамды (3127 ер адам және 2941 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Темір ауданы ауылдық округтері