Досбол би (1994 жылға дейін — Ақтоған) — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Ақтоған ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1051 адам (556 ер адам және 495 әйел адам) болса, 2009 жылы 1094 адамды (579 ер адам және 515 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Тарихы Ауыл 1975-1996 жылдары қаракөл қойын өсіретін «Телікөл» кеңшары бөлімшесінің орталығы болған. Бөлімше негізінде Досболда шаруа қожалықтары жұмыс істеді.

Дереккөздер

Санат:Шиелі ауданы елді мекендері