Нәнсай – Сырдария алабындағы өзен.
Географиялық орны Қызылорда облысы Шиелі ауданы жерімен ағатын өзен. Ұзындығы 71 км.
Бастауы Қаратаудың солтүстік-батыс етегінен басталып, Сырдария өзеніне жақындап барып, Мұстафа Шоқай ауылы маңында тартылады.
Гидрологиясы Нәнсайдың оң жағы жарлы, сол жағының жайылмасы шабындық, жайылым. Нәнсай суы ақпан-сәуір аяғында молдау болады. Көксу өзені арнасы Нәнсайға құяды.Сыр елі энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Шиелі ауданы өзендері Санат:Сырдария су алабы