Бейсенова Ғафура Нұрғалиқызы (1924- 91) — музыка танушы. ҚазССР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері. Ол қазақтың халықтық және қазіргі музыкасы мәселелерін зерттеумен айналысты. Абайдың музыка мұрасын зерттеп, «Абай Құнанбаевтың әндері» тақырыбында кандидаттық диссертация (1966, автореферат) қорғады. «Абайдың «Сегіз аяқ әні» деген мақала (Искусство и иностранные языки. - А.-А., 1966) және т. б. еңбектер жазды. Оның зерттеулерінде ақынның муз. мұрасының бастау көздері, ән өнеріндегі өзіндік ерекшелігі мен эстетик. көркемдік талғамы, Абай дәстүрінің қазақ ән өнеріне тигізген игі әсері т. б. сөз болады.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар