thumb|right|200px|Сулхан-Саба Орбелиани Сулхан-Саба Орбелиани (1658, Болнис ауданы, Квемо-Картли - 1725, Мәскеу) — кінәз, грузин жазушысы, ғалым, қоғам қайраткері.

Грузияны шетелдік тапшылықтан қорғауда көзге түсті, Иран езгісіне қарсы күресті. Грузия билеушісі Вахтанг VI тұсында саяси қызметке белсене араласты. 1713-1716 ж. Батыс Еуропа елдерінде дипломатиялық қызметте болды. 1724 ж. Вахтанг VI-мен бірге Ресейге эмиграцияға кетті. Орбелианидің жан-жақты әдеби және ғылыми қызметі Грузиядағы прогресшіл қоғамдық ойдың дамуына үлкен ықпал жасады. Ол "Ойдан шығарылған даналық туралы" атты мысалдар мен нақылдар жинағында феодалды қоғамның кеселді көріністерін сынады.Қазақ Совет энциклопедиясы, 8-ші том.1976

Дереккөздер

Санат:1658 жылы туғандар Санат:Болнис ауданында туғандар Санат:1725 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Орбелианилер Санат:Всехсвят зиратында жерленгендер Санат:Грузия каллиграфтары