thumb|Майра Арапқызы Айсина Майра Арапқызы Айсина (1956 жылы туған, Зеренді ауданы Костомаровка ауылы) — саясаткер, қайраткер.

Өмірбаяны Қарағанды мемлекеттік университетін (1981) бітірген. Алматы саясаттану және басқару институтын бітірген. Қазақ гуманитарлық заң университетін (1991) бітірген. Еңбек жолын мектепте аға пионер вожатый болып бастаған (1974 — 80).

Қарағанды облысы комсомол комитетінде нұсқаушы (1980 — 82)

БЛКЖО ОК-нде нұсқаушы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, меңгеруші болып қызмет атқарған (1982 — 91).

ҚР Жоғары Кеңесі депутатының көмекшісі (1991 — 92)

Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму қорында бөлім меңгерушісі (1992 — 93)

ҚР Білім министрлігінде бөлім, басқарма бастығы (1994 — 2001)

ҚР Премьер-министр кеңсесінде әлеуметтік-мәдени даму бөлімінде кеңесшісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары (2001 — 05)

ҚР Білім және ғылым министрлігінде вице-министр (2005 — 06)

«Нұр Отан» ХДП орталық аппаратында жетекші (2006 — 07) қызметін атқарған.

2007 жылдан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты. Отбасы

Үйленген. Жұбайы - Огай Евгений Павлович, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Мүліктік қатынастар департаментінің мүлікті оңтайлау басқармасының бастығының орынбасары.

Қыздары - Дана, Светлана. Марапаттары Медальмен марапатталған.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2"Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Сыртқы сілтеме • АЙСИНА Майра

Санат:1956 жылы туғандар Санат:Зеренді ауданында туғандар Санат:Қазақстан саясаткерлері Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты түлектері Санат:Қазақ гуманитарлық заң институты түлектері Санат:Қазақстан вице-министрлері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары