Баян БайғожинаҚызметіЕкінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, мерген.Туған күні1926(1914-08-20)Туған жеріШығыс Қазақстан облысы Абай ауданыАзаматтығыlink=|alt=|жиекті|22x22 нүкте Кеңестік Социалистік Республикалар ОдағыҚайтыс болған күні27.04.1945Қайтыс болған жеріГерманияМарапаттары Қызыл Жұлдыз ордені. 1-ші, 2-ші дәрежелі "Даңқ" ордені. "Жауынгерлік ерлігі" үшін медалі.
Баян Байғожина (1926, Абай ауданы, Арқат ауылы - 27.04.1945, Германия, қ) – Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, мерген.
Өмірбаяны 1926 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы, Арқат ауылында туған. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда өз еркімен майданға аттанған. Белорусь, Литва, Польша, Германия жерлерін азат ету ұрыстарына қатысады. 1945 жылы 27 сәуірде Гиденбург қаласы үшін болған ұрыста 15 фашисті құрытып, ерлікпен қаза табады.
Марапаттары Ерліктері үшін Қызыл Жұлдыз, 2,3-дәрежелі "Данқ" ордендерімен, "Жауынгерлік ерлігі" үшін медалімен марапатталған. Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Ефрейтор Байғожинаның ерлік өмірі туралы әскери тілші П.Кузнецов 1945 жылы "Комсомольская правда" газетінде "Шыңғыстаудың баяны" деген мақаласын жариялады. "Алматыдан Берлинге дейін" атты кітабында Баянның есімін тағы да құрметпен еске алады. Журналист Қ. Молдақашев "Баян" атты поэма жазды. Қарауыл ауылындағы бір көшеге Баян есімі берілген.Шығыс Қазақстан Облысы энциклопедиясы, 234 бет: Байғожина Баян
Дереккөздер
Сыртқы сілтеме http://www.kremnik.ru/node/462329 Санат:Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары