Першинг экспедициясы – 1910−1919 жылдары Мексикадағы революция кезінде Мексика-Америка шекарасында болған әскери қимылдар.

Оқиға сипаты АҚШ−ты Мексикада 1910 жылы басталған революциясын басып-жаншу және елде американ монополиясының позициясын нығайту мақсатын көздеді. Бұл басқыншылық әскери қимылдарға генерал Дж.Дж.Першинг (J.J.Pershing) басшылық етті. АҚШ әскерінің басып кіруі (1916 ж. 15 наурыз) Мексикада антиимпериалистік халық қозғалысының өрлеуіне қозғау салды. Олардың интервенттерге қарулы тойтарыс беруі, Мексикадағы, Латын Америкасының басқа да елдеріндегі антиамерикандық бас көтеру, АҚШ-тың Бірінші дүниежүзілік соғысқа (1914-1918) дайындалуы АҚШ үкіметін басқыншылық әрекеттен бас тартуға мәжбүр етті.Қазақ Совет энциклопедиясы 9-том,1976 жыл.

Дереккөздер

Санат:Бірінші дүниежүзілік соғыс Санат:Мексика революциялары