Өтепенберген Ермағанбетұлы (1918 жылы Маңғыстау түбегі – 29 шілде 2001 жылы Жаңаөзен) — кеңестік мал дәрігері. Ұлы Отан соғысының ардагері. Ауыл Советінің депутаты. КСРОның жоғарғы мемлекеттік марапаттарының иегері.
Толығырақ Өтепенберген Ермағанбетұлы 1918 жылы Маңғыстау түбегінде дүниеге келген. 1941 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қастысқан ардагер жауынгер. Соғыстан кейінгі жылдары кәсіптік оқуға түсіп, мал дәрігері мамандығы бойыншна оқып бітіреді. 1953 жылы ағайын-тумаластарымен Орынбор облысына отбасымен қоныс аударған, сол жерде еңбек еткен. 1966 жылы туған жері Маңғыстау облысына көшіп келеді. 1966 - 1996 жылдары Жаңаөзен қаласының қара шаңырағы саналатын Қызылсай поселкесінде мал дәрігері болып еңбек етті. Өтепберген ақсақал өзінің еңбек жолында ауыл советінің депутаты, ақсақалдар кеңесінің төрағасы болып, жастар тәрбиесіне және қоғамның дамуына мол үлесін қосқан абзал жан.
Марапаттары Ұлы Отан соғысының ардагері құрметті төсбелгісі. ІІ дәрежелі "Ұлы Отан соғысы ордені". Екі мәрте "Еңбек Қызыл Ту ордені" мен марапатталған. 1965 жылы "Ұлы Отан соғысына 20 жыл медалі 1968 жылы «КСРО Қарулы Күштеріне 50 жыл» медалі 1975 жылы "Ұлы Отан соғысына 30 жыл медалі 1978, 1979, 1980 жылдары "Социолистік жарыс жүлдегері" (медаль Победитель Соцсоревнования) алтын медалдары 1978 жылы «КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл» медалі 1985 жылы "Ұлы Отан соғысына 40 жыл медалі 1988 жылы «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» 1995 жылы "Ұлы Отан соғысына 50 жыл медалі КСРОның "Ерен Еңбегі үшін", "Еңбек ардагері", "Ерлігі үшін", "Жуков" медалі және т.б медалдарымен марапатталған.
Отбасы Әкесі - Ермағанбет Шынжырбекұлы Анасы - Қибат Айдарбайқызы Жары - Балзия Ермағанбетова Отбасында 4 ұл, 1 қыз бала тәрбилеген абыз ақсақал. Балалары: Құдайберген Өтепбергенұлы, Абдулла Өтепбергенұлы, Амангелді Өтепбергенұлы, Озғанбай Өтепбергенұлы және қызы Арухан Өтепбергенқызы. Бүгінде 22 немере, 20 шөбере және 37 жиені бар.
Санат:Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері Санат:Ерлігі үшін медалінің иегерлері (КСРО) Санат:Жуков медалінің иегерлері