Өтеген — Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы ауыл, Қарасу ауылдық округі құрамында.
Географиялық орны Аудан орталығы – Қордай ауылынан шығысқа қарай 22 км жерде, ақ жусан, баялыш, т.б. эфемероидті шөптесін өскен тау алдының сұр, бозғылт қоңыр топырақты аңғарында орналасқан.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1220 1176 96,4 598 579 96,8 622 597 96
Тарихы Ауыл 1992 жылға дейін "Кеңес" деп аталып келді. 1953 – 97 жылдары қызылша өсіретін «Искра Ленина» ұжымшарының орталығы болды. Оның негізінде Өтегенде 1997 жылдан ЖШС және шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Орталау мектеп, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Дереккөздер
Санат:Қордай ауданы елді мекендері