Александр Иванович Мегидь (13 ақпан 1942 жылы Өскемен қаласы) — кеңестік және қазақстандық сәулетші. КСРО сәулетшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Шығыс Қазақстан техникалық университетінің профессоры. Өскемен қаласының қайта құрылыуна қатысып, тұрғын үйлерді ғана салмай, қала тұрғындары үшің демалыс орындарын да салған. Өмірбаяны 1956 жылы жеті жылдық мектепті бітірді. Өскемен құрылыс техникумының кешкі бөлімшесінде оқып жүріп, жұмыс істеді.1961 жылы "техник-құрылысшы" мамандығы бойынша жұмыс жасады. Әскерден кейін 1964 жылы Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының сəулет өнері факультетіне оқуға түсіп, 1969 жылы үздік бітіреді. 1969-1972 жылдары— Өскемен облысының Казгорстрой жобасы мен Востокоблсель жобаларының бас сәулетшісі ретінде жұмыс жасайды. 1972-1979 жылдары — сәулет өнері факультетінің деканы, Өскемен құрылыс-жол институтындағы аға оқытушы қызметін атқарады. 1979-1999 жылдары — Шығыс Қазақстан Облысы бас сәулетшісінің орынбасары, содан кейін бас сәулетшісі. 1999-2002 жылдары — профессор, "Сәулет негіздері және дизайн" кафедрасының меңгерушісі , Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіндегі "Сурет және кескіндеме тарихы мен теориясы" факультетінің меңгерішісі. Сонымен қатар, 1989-2015 жылдары — "Усть-Каменогорскархфонд" шығармашылық-өндірістік бірлестігінің директоры.

Сәулет жобалары • Су және архитектура; • Өскемен қаласының бас жоспары; • Астана қаласының бас жоспары және оның жаңа орталығы; • Өскемен қаласының орталығы; • Алматы қаласындағы архитекторлар одағының ғимараты; • Үлкен мысырлық пирамидалар мұражайы; • Облыстық театр Өскемен қаласы; • Экопарк Өскемен қаласы; • Аудан жайғасымы Шығыс Қазақстан облысы; • Республикалық шырша Өскемен қаласы; • Этнографиялық музей; • Жапониядағы Ұлттық кітапхана авторы; • Автомобиль жолы архитектурасы: Өскемен-Зайсан-Алексеевка; • Киров атындағы саябақ.

Жеке көрмесі 20 қаңтар 2005 жыл — "Сәулет — уақыты және орны". Облыстық Этнографиялық музейі, Өскемен қ.• Онтология • Инфология • Ертіс — Обь

Шығармашылығы Проза.ру порталындағы шығармалары Стихи.ру порталындағы шығармалары 2015 жылы шығармалар кітабы жарық көрді «Вот и я, Господи!» 2017 жылы туғанына 75 жыл толуына орай Өскемен қаласының орталығында қала тұрғындарының демалуына арналған кеңістікті ұйымдастыру бойынша соңғы жоба жарияланған журнашығарылды.

Дереккөздер Санат:Сәулетшілер