Кемер — Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы ауыл, Саралжын ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Ойыл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 56 км жерде, Қиыл және Қайыңды өзендері аралығында, әр түрлі астық тұқымдас шөптер өскен қоңыр топырақты шөлейтті белдемде орналасқан.
Тарихы 1976–97 жылдары Кемер ауданы арнайы шаруашылық бірлестігінің орталығы болып келді. Оның негізінде Кемерде “Саралжын” өндірістік кооперативі құрылған.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1290 адам (676 ер адам және 614 әйел адам) болса, 2009 жылы 1045 адамды (536 ер адам және 509 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 917 адамды (476 ер адам және 441 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Ойыл ауданы елді мекендері