Мамажанадыр – Торғай үстіртінің оңтүстігіндегі тау.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы, Аққұм ауылынан шығысқа қарай 28 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 200 м, салыстырмалы биіктігі 20 м-дей. Төбесі доғал (кей жерлерінде күмбез тәрізді) келген көлбеу беткейлі аласа таудың ұзындығы мен ені шамамен 1,5-2 км. Батысында 8 км жерде Шилібөгет өзені және бірнеше шағын тұзды көлдер жатыр.

Өсімдігі Етегінде құрғақ далаға тән қылқан боз, бетеге, қау, т.б. астық тұқымдас шөптесіндер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Әйтеке би ауданы таулары