Сарат ауылдық округі – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Сарат ауылы кіреді. Орталығы – Сарат ауылы.
Тарихы 1997 жылы Сарат ауылдық округі (орталығы Сарат а.) таратылып, Басқұдық ауылдық округіне (орталығы Тымабұлақ а.) қосылды.Облыстың әкімшілік аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы Кейін Басқұдық ауылдық округінен Сарат ауылдық округі қайта бөлініп шықты. 2008 жылы округ құрамында болған Бестас ауылыӘйтеке би, Мәртөк және Қобда аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы, 2015 жылы Қырыққұдық ауылы таратылды.Ақтөбе облысының бірқатар елді мекендерін тарату туралы
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 433 адамды (241 ер адам және 192 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Әйтеке би ауданы ауылдық округтері