Үштөбе (2010 жылға дейін — БолдыревоБатыс Қазақстан облысындағы кейбір ауылдық елді мекендердің атауларын қайта атау және транскрипциясын өзгерту туралы) — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы, Жамбыл ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Чапаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 63 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 425 адам (217 ер адам және 208 әйел адам) болса, 2009 жылы 378 адамды (196 ер адам және 182 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 321 адамды (162 ер адам және 159 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Ақжайық ауданы елді мекендері