right|thumb
Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты – ғылыми-зерттеу мекемесі. Орталық Қазақстандағы металлургия мен химия өнеркәсібі дамуына ғылыми негіз беру мақсатында 1958 жылы құрылған. Құрамында 13 ғылыми-зерттеу лабораториясы бар. Институтты әр жылдары Қазақстан ғылым академиясының академиктері И.Н.Әзірбаев, Е.А.Бөкетов, Ж.Әбішев және В.П.Малышев, Б.С.Фиалков, Б.П.Хасен басқарған.Қазақ ұлттық энциклопедиясыҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Институт жұмысының негізгі бағыттары: металлургия процестерінің термодинамикасы мен кинетикасы; бейорганикалық қосылыстардың физикалық химиясы мен термохимиясы; байытудың физика-химиялық негіздерін жасау; металлургияның қалдық өнімдерін қайта өңдеу мен одан жаңа материалдар алу жолдары, тағы басқа.
Тағы қараңыз Химия Химиялық физика Химиялық технология Химия ғылымдары институты
Дереккөздер
Санат:Қарағанды Санат:Қазақстанның ғылыми мекемелері Санат:Қазақстан ғылыми-зерттеу институттары