Румыния Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Румынияның атынан сынға түсетін ұлттық құрама. Басқарушы орган — Румын Футбол Федерациясы.
Тарихы Әлем чемпионаттарында Алғашқы матчын 1922 жылы Белградта Югославияға қарсы өткізіп, 2:1 есебімен ұтқан. Әлем чемпионаттарына 7 рет қатысқан: 1930, 1934, 1938, 1970, 1990, 1994, 1998. Ең жоғарғы көрсетікіші 1/4 финал (1994).
1990 жылғы әлем чемпионатында да жақсы ойнады. Топтық турнирді 2:0 есебімен КСРО құрамасын ұтып бастады. Екінші турда Камеруннан 1:2 есебімен ұтылғанымен, үшінші турда Аргентинамен тең ойнап, екінші орынмен 1/8 финалға шықты. Аталмыш кезеңде Ирландия құрамасын кездесіп, матчта есеп ашылмады. Алайда пенальтилер сериясында ирландиялықтар басым болды — 5:4
1994 жылы АҚШ, Колумбия, Швейцария құрамаларымен бір топқа түсті. Алғашқы турда Колумбияны 3:1 есебімен ұтты, матчтың есебін Георг Хаджи керемет голмен ашты. Сол қапталдан тепкен добы доғаша иіліп барып, алыс бұрыштан қақпаға енді (1/8 финалда да Илие Думитреску осыған ұқсас голды Аргентинаға соқты, бірақ Думитреску айып добын орындаған еді).
Екінші турда Швейцариядан ұтылғанымен, соңғы турда АҚШ құрамасымен 1:1 есебімен тең ойнап, 1/8 финалға шықты. 1/8 финалда Аргентина құрамасын 3:2 есебімен ұтты (айта кетейік, бұл ойында аргентиналықтар Марадона мен Каниджаның көмегін пайдалана алмаған-ды). Ширек финалда Швециямен 120 минут бойы айқасты, матч 2:2 есебімен тең аяқталып, пенальтилерде Швеция басым болды. Осылайша румындар қатарынан екі әлем чемпионатында пенальтилерден сүрінді.
1998 жылы 1/8 финалда Хорватиядан ұтылды: 0:1. Содан бері әлем чемпионатына қатысқан емес. Еуропа чемпионаттарында Еуропа чемпионаттарында үш рет қатысты. 2000 жылы 1/8 финалға шығып, Италиядан 0:2 есебімен ұтылып қалды. 2008 жылы да Италиямен бір топқа түсті. Бұл жолы 1:1 есебімен тең ойнады, бірақ бәрібір Голландия мен Италиядан соң үшінші орында қала берді. 2016 жылы да үшінші орында қалды (күтпеген жерде соңғы турда 0:1 есебімен Албаниядан ұтылды).
Әлем чемпионаттарында
ФиналдаІріктеуЖылКөрсеткішОрын Орын 1930Топтық турнир8210135Іріктеу өтпеді 19341 раунд121001122/3210123 19389201145Мысырдың орнына қатысты 1950Қатыспады 1954Өте алмады2/3420255 19582/3421164 1962Бас тартты 19663/4630397 1970Топтық турнир113102451/4632176 1974Өте алмады2/46411174 19782/4420278 19823/5824255 19863/58332127 19901/8 финал12412(1)1431/46411105 19941/4 финал653111091/6107122912 19981/8 финал114211431/610910374 2002Өте алмады2/5105231210 20063/7128132010 20105/6103341218 20142/6126242116 20183/6 103431210Бары 218583032Бары128672635223134
Үздік ойыншылары 2016 жыл, 16 маусымдағы жағдай Көп ойын өткізгендер ПозицияОйыншыМатчЖЖ1Доринел Мунтяну1341991—20072Георге Хаджи1251983—20003Георге Попеску1151988—20034Рэзван Рац1132002—20165Ласло Бёлёни1021975—19886Дан Петреску951989—20007Богдан Стеля911988—20058Михаэль Кляйн891981—19919Богдан Лобонц851998—201410Мариус Лэкэтуш831984—1998Мирча Редник831981—1991 'Мергендер ПозицияОйыншыГолЖЖ1Георге Хаджи351983—2000Адриан Муту352000—20133Юлиу Бодола301931—19394Чиприан Марика252003—Виорел Молдован251993—20056Ласло Бёлёни231975—19887Родион Кэмэтару211978—1990Дуду Джорджеску211973—1984Ангел Йордэнеску211971—1981Флорин Рэдучою211990—1996
Санат:Румыния Ұлттық футбол құрамасы