Бірлік — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы ауыл, Бірлік ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1033 адам (503 ер адам және 530 әйел адам) болса, 2009 жылы 1256 адамды (600 ер адам және 656 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1183 адамды (609 ер адам және 574 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Жаңақала ауданы елді мекендері