Ақоба ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Ақоба ауылы кіреді. Орталығы – Ақоба ауылы. Округ құрамында болған Жиембет, Мәңгүр ауылдары 2003 жылы таратылған.Батыс Қазақстан облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін деректер есебінен шығару туралы

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 651 адамды (321 ер адам және 330 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Жәнібек ауданы ауылдық округтері