Митсу Анни Мари Желина ( Mitsou Annie Marie ; 1 қыркүйек 1970,  (ағыл.)қаз., Квебек, Канада) — канадалық актриса, әнші, фотомодель, журналист, тележүргізуші, радиожүргізуші және кәсіпкер.

Өмірбаяны Митсу Анни Мари Желина 1970 жылы 1 қыркүйекте Лоретвилл қаласында (Канада, Квебек провинциясы) Ален Желин атты актердің отбасында дүниеге келген. Митсудың әпкесі бар - актриса Абей Желина.

Мансабы Ерте жасынан-ақ Митсу кинодағы актриса мансабы мен фотомодельдік мансабын бастаған.1979-2010 жылдары тоғыз фильмдер мен телехиякаяларға түскен.

Сонымен қатар, жеткіншек жасында Митсу музыкалық мансабын бастады және он музыкалық альбомдарын шығарды. "El Mundo" (Isba) (1988 жылы); "Terre des hommes" (Isba) (1990 жылы); "Heading West" (Isba) (1992 жылы); "Mitsou" (американдық жинағы) (1992 жылы); "Tempted" (1993 жылы); "Ya Ya" (1994 жылы); "Noël" (1995 жылы); "La Collection" (жинақ) (1997 жыл); "Mitsou" (Éponyme) (1999 жылы); "Vibe" (2002 жылы). Сондай-ақ, Митсу журналистикамен және бизнеспен айналысады.

Жеке өмірі 2010 жылы 25 тамызда Митсу Йоан Мартенге тұрмысқа шыққан. Ерлі-зайыптлардың екі қызы бар- Стелла-Роуз Мартен (3 қараша 2003 жылы туылған) және Мила Мартен (23 қаңтар 2007 жылы туылған).

Санат:Канада актрисалары Санат:Алфавит бойынша актрисалар Санат:Алфавит бойынша әншілер Санат:Алфавит бойынша тұлғалар Санат:1 қыркүйекте туғандар Санат:1970 жылы туғандар Санат:Канада әншілері