Аралтөбе — Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл, Аралтөбе ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Жымпиты ауылынан солтүстікке қарай 27 км-дей жерде, Шідерті өзенінің жағасында орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1641 адам (842 ер адам және 799 әйел адам) болса, 2009 жылы 1037 адамды (551 ер адам және 486 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 648 адамды (355 ер адам және 293 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Сырым ауданы елді мекендері