Футболдан 2002 жылғы әлем біріншілігінің финалы 30 маусым күні Иокогамадағы "Уорлд кап" стадионында өтті. Бразилия футболшылары 2:0 есебімен Германияны ұтып, бесінші рет әлем чемпионы атандыhttps://www.fifa.com/worldcup/archive/koreajapan2002/matches/match/43950064/.
Матч
Шолу Финалға дейін екі құрама да керемет ойын көрсетті. Бразилия 16, Германия 14 доп соқты. Сондай-ақ, бұл жерде немістердің финалға дейін бір ғана гол жібергенін де айта кету керек. Тағы бір көпшілікті қызықтырған нәрсе: чемпионаттың сұрмергені қай футболшы атанады деген сұрақ еді. Өйткені финалға дейін бразилиялық Роналдо 6 доп соқса, германияның Мирослав Клозенің еншісінде бес доп бар еді. Оған қоса Бразилия финалға дейін алты ойынның бәріне ұтса, Германия бес ойында жеңіске жетіп, бір рет тең ойнаған болатын (екінші турда Ирландиямен - 1:1).
Финалдық ойынға Германияның белді футболшысы Михаэль Баллак қатыса алмады. Бірінші тайм тең дәрежеде өтті. Тек Клеберсонның маңдайшаға тигізген соққысы мен Роналдоның Канмен жеке шығып, мүмкіндігін пайдалана алмағаны есте қалды. Екінші таймда Роналдоның қанжығасы майланды. 67-минутта Ривалдоның алыстан тепкен добын Кан қолынан шығарып алды да, өзгелерден бұрын жеткен Роналдо бос қақпаны дәл көздеді. 79-минутта оң қанаттан Клеберсон доп асырды. Ривалдо аса шеберлікпен өткізіп жіберді де, доп Роналдоға келді. Роналдо оң бұрышты дәл көздеді - 2:0.
Осы есеп өзгермеді. Бразилия жеті ойынның жетеуінде де жеңіске жетіп, бесінші рет әлем чемпионы атанды. Роналдо 8 гол соғып, чемпионат сұрмергеніне айналды.
Протокол
Германия: ҚП 1 Оливер Кан (к)ҚР 2 Томас ЛинкеҚР 5 Карстен РамеловҚР 21Кристоф МетцельдерЖҚ 22Торстен ФрингсЖҚ 8 Дитмар ХаманнЖҚ 16Йенс Йеремис ЖҚ 17Марко Боде Ш 19Бернд ШнайдерШ 11Мирослав Клозе Ш 7 Оливер НойвилльАлмастырулар:Ш20Оливер Бирхофф ЖҚ 14Джеральд Асамоа ЖҚ 6 Кристиан Циге Бас бапкер: Руди ФёллерБразилия: ҚП 1 МаркосҚР 3 ЛусиоҚР 5 ЭдмилсонҚР 4 Роке Жуниор ЖҚ 2 Кафу (к)ЖҚ 8 Жилберту СилваЖҚ 15Жозе КлеберсонЖҚ 6 Роберто КарлосШ 11Роналдиньо Ш 10РивалдоШ 9 Роналдо Алмастыру:ЖҚ 19Жуниньо Паулиста ЖҚ17Денилсон Бас бапкер: Луиз Фелипе Сколари Матчтың үздік ойыншысы: Роналдо Ассистенттер: Лейф Лундберг Филипп Шарп Резервтегі төреші: Хью Даллас
Дереккөздер
Фактілер 2002 жылға дейін Бразилия 5 рет, Германия 6 рет финалда ойнаған. Соған қарамастан, әлем чемпионатының 72 жылдық тарихында бұл екі құрама бірінші рет өзара ойнады.
Сілтемелер Матчты тамашалау
Санат:Футболдан 2002 жылғы әлем біріншілігі Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:2002 жылғы футбол Санат:Футболдан әлем біріншілігінің финалдары