Уэльс Ұлттық футбол құрама командасы — халықаралық футбол жарыстарында Уэльстің атынан сынға түсетін құрама. Басқарушы орган - Уэльс Футбол Қауымдастығы. Саяси тұрғыда Ұлыбританияның құрамында болғанымен, халықаралық турнирлерде жеке сынға түсе береді. 1958 жылғы әлем чемпионатына, 2016 жылғы Еуропа чемпионатына қатысқан. 2016 жылғы Еуропаның қола жүлдегері.
Уэльсте футбол 19 ғасырдан бері бар. Ұлттық құрама да сол кезде қалыптасты: оған алғашқы ойынын 1876 жылы өткізгені дәлел.
1958 жылғы әлем біріншілігінде құрама Мексика, Мажарстан, Швеция құрамаларымен бір топқа түсіп, келесі сатыға жолдама алды. 1/4 финалда Бразилиямен кездесіп, Пеленің соққан жалғыз голы матч тағдырын шешті. Айта кетейік, бұл футбол королінің әлем чемпионаттарындағы тұңғыш голы еді.
Бұл чемпионат Уэльстің бүгінге дейінгі жалғыз әлем чемпионаты еді.
Еуропа чемпионатының дебютін де жанкүйерлері ұзақ күтті. Тек 2016 жылы ғана Францияда өткен әлем чемпионатына барудың сәті түсті. Словакия, Ресей, Англия клубтарымен бір топқа түсіп, келесі сатыға қиналмай өтті. 1/8 финалда көршілері Солтүстік Ирландияны, 1/8 финалда турнир фавориттерінің бірі Бельгияны қапы қалдырды. Бірақ жартылай финалда болашақ чемпион - Португалиядан тізе бүкті - 0:2.
Құрама 2018 жылғы әлем чемпионатына жолдама ала алмады.
Құрама жайлы деректер Құрама рекордшылары: Көп ойын өткізген - Невилл Саутолл (92), 1982-1997 жылдары ойнаған. Көп гол соққан - Гарет Бейл (29) Алғашқы матчын 1876 жылы 26 қаңтарда Глазгода Шотландияға қарсы өткізген - 0:4 Қазіргі бас бапкері (қаңтар, 2018) - Райан Гиггз. Команда капитаны - Эшли Уильямс.
Құрама рекордшылары 15 қаңтар, 2018 жылғы
Ардагерлер #ФутболшыЖЖМатчГол1Невилл Саутолл1982—19979202Гэри Спид1990—2004857Крис Гантер2007—8504Крейг Беллами1998—201378195Джо Ледли2005—764Эшли Уильямс2008—7627Дин Сондерс1986—200175228Питер Николас1979—1992732Иан Раш1980—19967328Уэйн Хеннесси2008—7308Марк Хьюз1984—19997216Джои Джонс1976—1986721
Мергендер #ФутболшыЖЖГолМатч%1Гарет Бейл2006—29690,422Иан Раш1980—199628730,383Тревор Форд1947—195723380,61Айвор Оллчерч1951—196623680,345Дин Сондерс1986—200122750,296Крейг Беллами1998—201319780,247Роберт Эрншоу2002—201116580,28Клифф Джонс1954—197016590,27Марк Хьюз1984—199916720,2210Джон Чарльз1950—196515380,39
Санат:Уэльс Ұлттық футбол құрамасы