Жанболат Жарылқасынұлы Мелдешов (8 маусым 1980 жыл, Абай ауылы, Сарыағаш ауданы, Түркістан облысы) - «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті (2016 жылдан бастап).

Өмірбаяны Білімі: Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, мамандығы «Халықаралық құқық» (1997-2002). Ресей халықтар достығы университеті, мамандығы «Менеджмент» (2003-2005). Ресей халықтар достығы университеті, мамандығы «Халықаралық құқық» (2002-2006). University of Exeter, Master of Public Administration (2010-2011).

Еңбек өтілі: 2002–2006 - «САНА» Мәскеу жастар ассоциациясының президенті және «Қазақ мәдениетінің мәскеулік қоғамы «Мұрагер» АҚҰ даму бойынша директоры. 2007 - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі. 2007-2008 - «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бас менеджері, кейін бөлім бастығы. 2008-2009 - «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті. 2009-2012 - «Білім» білім беру орталығы» ЖШС директоры. 2012-2014 - Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма бастығының орынбасары. 2012-2014 - Коммерциялық құрылымдардағы еңбек қызметі. 2016 - «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ президентінің кеңесшісі. 13.09.2016-дан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті.

Баспадағы бірнеше ғылыми мақалалардың және жарияланымдардың авторы.

Тіл меңгеруі: қазақ, орыс, ағылшын, түрік.

Әскери қызметі: запастағы лейтенант.

Үйленген, 3 баласы бар.

Дереккөздер