Миралем Пьянич (Miralem Pjaniс; 2 сәуір 1990 жыл, Тузла, Югославия) — босниялық футболшы, жартылай қорғаушы.

Футболшы мансабы Клубтық

Әкесі Фахруддин Пьянич те футболшы болған. Миралем 1990 жылы дүниеге келді де, отбасы елдегі саяси тынышсыздыққа орай көп ұзамай Люксембургке қоныс аударды. Сол себепті де Миралем Люксембург жастар құрамасында ойнаған. Кейін "Метц" футбол академиясын тәмамдап, "Метц" клубымен келісім-шарт жасасты. 2007-08 маусымында 32 рет алаңға шығып, 4 доп соқты. Осы жерде ойнап, "Лион" клубының мамандарының көзіне түседі де, 2008 жылы сонда ауысады. "Лион" сапында шабуылдаушы жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсетеді. 2009/10 жылғы маусымда Мадридте "Реал" қақпасына гол соғып, "Лион" Чемпиондар Лигасының 1/4 финалына жолдама алады.

2011 жылы Пьянич "Ромаға" ауысады. Бес жылдай тұрақты өнер көрсетіп, қазіргі клубы "Ювентуске" өтеді.

2020 жылы 2 қыркүйекте "Барселонаға" ауысты.

Ұлттық құрама 2008 жылдан бері Босния және Герцеговина құрамасынның мүшесі. 2014 жылы әлем чемпионатына қатысып, топтық турнирдің соңғы турында Иранның қақпасына гол соғады. Құрама сапында 11 гол соққан. Бір қызығы, ол гол соққан матчтардың бәрінде Босния және Черногория құрамасы жеңіске жеткен.

Жетістіктері Ювентус Италия чемпионы: 2016–17, 2017-18, 2018-19, 2019-20 Италия кубогы: 2016–17, 2017/18 Италия суперкубогы: 2018 УЕФА Чемпиондар Лигасының финалисі: 2016/17

Футболшы жайлы фактілер Миралем Пьянич - мұсылман. Оның Эдин атты ұлы бар. Ол босния тілінен бөлек бес тілде емін-еркін сөйлей алады: луюсембургше, французша, ағылшынша, немісше және италиянша.

Cыртқы сілтемелер Футболшының профилі

Санат:Босния және Герцеговина футболшылары Санат:Босния және Герцеговина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Люксембург футболшылары Санат:Олимпик Лион ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Бешикташ ФК ойыншылары Санат:Шарджа ФК ойыншылары Санат:ЦСКА Мәскеу ФК ойыншылары