Диего Пабло Симеоне (; 28 сәуір 1970 жыл, Буэнос-Айрес) — аргентиналық футболшы және футбол бапкері. Жартылай қорғаушы боп ойнаған. Футболшы карьерасын 2006 жылы аяқтаған.
Өмірбаяны Футболшылық карьеасында испан және италиялық клубтарда көбірек табысқа жеткен. 1997 жылы "Интер" сапында УЕФА Кубогы мен УЕФА Суперкубогын ұтып алған. Ал 1999-2000 жылы "Лацио" сапында алтын дубльге қол жеткізді: Скудетто мен Италия кубогын ұтып алды.
2006 жылы Аргентинаның "Расинг" клубында ойнап жүріп футболшылық карьерасын тәмамдады да, осы клубтан бапкерлік жолын бастады. 2011 жылдан бері "Атлетико Мадрид" командасын баптап келеді. Алғашқы маусымда-ақ УЕФА Еуропа Лигасын ұтып алды. 2013 жылы клубты 10-шы рет Испания чемпионы атандырды. Кейін екі рет 2014, 2016 жылдары УЕФА Чемпиондар Лигасының финалында сүрінді.
Аргентина құрамасында алғашқы ойынын 1988 жылы 18 жасында өткізген. Үш бірдей әлем чемпионатына қатысқан: 1994, 1998, 2002. Футболдан 1998 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Англиямен матчта қайта-қайта Дэвид Бекхэммен тоқайласа беріп, соңында жазықсыздау болса да Бекхэм алаңнан қуылып тынды.
Жетістіктері Футболшы ретінде
Оңтүстік Америка кубогы: 1991, 1993 Фадха Корольдың кубогы: 1992 Артемио Франки кубогының иегері: 1993 Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері: 1996
Атлетико Мадрид Испания чемпионы: 1995/96 Испания кубогы: 1995/96 Испания суперкубогы: 1996 Интертото Кубогының финалисі: 2004
Интернационале УЕФА Кубогы: 1997/98
Лацио Италия чемпионы: 1999/00 Италия кубогы: 1999/00 Италия суперкубогы: 2000 УЕФА Суперкубогы: 1999
Бапкер ретінде Эстудиантес Аргентина чемпионы: Апертура 2006
Ривер Плейт Аргентина чемпионы: Клаусура 2008
Атлетико Мадрид Испания чемпионы: 2013/14 Испания кубогы: 2012/13 Испания суперкубогы: 2014 УЕФА Еуропа Лигасы: 2011/12, 2017/18 УЕФА Суперкубогы: 2012, 2018
Жекелей Испанияның үздік бапкері (2): 2013, 2014 Мигель Муньос жүлдесі (1): 2014
Жанұясы Ұлы — Джованни Симеоне, италиялық «Фиорентина» клубының шабуылшысы.
Санат:Аргентина футболшылары Санат:28 сәуірде туғандар Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:Севилья ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Лацио ФК ойыншылары Санат:Аргентина футбол жаттықтырушылары Санат:Эстудиантес ФК жаттықтырушылары Санат:Ривер Плейт ФК жаттықтырушылары Санат:Сан-Лоренсо де Альмагро ФК жаттықтырушылары Санат:Атлетико Мадрид ФК жаттықтырушылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:Расинг Авельянеда ФК ойыншылары Санат:1996 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері